Алматы облысында автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды
Алматы облысында автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды
© baq.kz
310
оқылды
Алматы облысында автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 25 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-ға Көлді ауылының маңындағы автожолдың бойынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ПБ СДТБТ-да  тіркелді. Марқұмның қайтыс болу себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
«Қазір жеке басын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылдануда», – деді Алматы облысы Полиция департаментінде.