Байқоңыр қаласында тұратын Ресей азаматтарына ішінара мобилизация бойынша іс-шаралар өткізілмейді. Бұл туралы қала әкімшілігі хабарлады.
"Әскери қызметке өз еркімен түскен тұрғындар ғана жұмылдырылуы мүмкін. Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы келісімге сәйкес, Байқоңыр қаласында РФ азаматтарын есепке алу-шақыру жұмыстары әскери комиссариат арқылы жүргізіледі. Байқоңыр қаласы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі екенін ескере отырып, қазір Ресей азаматтарын соғысқа шақырту шаралары жүргізілмейді", – делінген Байқоңыр қаласының ресми сайтында.Бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанның мобилизациядан қашқан ресейліктерді елдеріне кері қайтарылмайтынын, өйткені оған Ресеймен арадағы келісімшарт бойынша ешқандай құқықтық негіздің жоқтығын айтты.