Қарағандыда ер адам бесінші қабаттан секіріп көз жұмды
Қарағандыда ер адам бесінші қабаттан секіріп көз жұмды
© azattyq-ruhy.kz
Қарағандыда ер адам көпқабатты үйдің терезесінен секіріп көз жұмды. Қайғылы оқиға 26 қыркүйек күні сағат 11.30-да болған.
«58 жастағы ер адам бесінші қабатта тұратын пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Жедел жәрдем жеткенімен, ол оқиға орнында көз жұмды», – деп жазды «Патриот» Telegram арнасы.
Ер адамның көршілері оның тез өршитін онкологиялық дертке шалдыққанын айтқан. Аталған дерекке қатысты Қарағанды ​​облыстық Полиция департаменті пікір білдірді.
«Жергілікті тұрғынның өлім дерегі тіркелді, тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады», – делінген ПД хабарламасында.