Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берді
Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіруге уәде берді
509
оқылды
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) есімін атамаған қарсыласқа қарата үн қатты, деп хабарлайды Vesti.kz. Twitter желісіндегі жазба Хайме Мунгияның (40-0, 32 КО) бапкері Эрик Моралестің Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) немесе Жәнібекпен жекпе-жек өткізу туралы мәлімдемесінен кейін пайда болды.
"Біреу менімен айқасуға келісіпті дейді ғой? Кім ол? Басқа ғаламшардан ба? Бірақ маған бәрібір! Мен оны нокаутқа түсіремін, Иншалла!" - деп жазыпты боксшы.