Павлодарда қайыр сұраған үш шетелдік азамат елден шығарылды

Павлодарда қайыр сұраған үш шетелдік азамат елден шығарылды

Павлодарда қайыр сұраған Өзбекстанның үш азаматы елден шығарылды. Павлодар қаласында сауда үйлерінің бірінің аумағында екі әйел мен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Олардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары болып, өтіп бара жатқандардан ақша сұраған.

«Олар көші-қон қызметіне жеткізіліп, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олар Қазақстан Республикасынан шығарылды», – дейді Павлодар қалалық ІІБ көші-қон қызметінің басшысы Арайлым Ерғазина.