Бір тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?
Бір тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?
Фото: qaragandyhabary.kz
214
оқылды
Өткен тәулікте коронавирус 89 адамнан анықталды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Аймақтар бойынша: Астана қаласында – 18, Алматы қаласында – 13, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 17, Ақтөбе облысында – 5, Атырау облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 5, Қарағанды облысында – 6, Ұлытау облысында – 1, Қостанай облысында – 8, Қызылорда облысында – 1, Маңғыстау облысында – 2, Павлодар облысында – 5, Солтүстік Қазақстан облысында – 5. Пандемия басталғалы коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 393 373-ке жетті.