Барар жер, басар тауымыз қалмады - теріскейдегі апаның жанайқайы
Барар жер, басар тауымыз қалмады - теріскейдегі апаның жанайқайы
6,531
оқылды
Әлеуметтік желі белсендісі, журналист Оңғар Қабден парақшасына Омбыдан, Новосібірден қазақтар өзіне хабарласып жатқанын жазды. Оның мәліметінше, бірінің баласына, бірінің бауырына повесткалар келіп жатыр.
"Қазақстанға келіңдер десем, "шекарадан өте алмаймыз" дейді. Повестка келіп тұрып, шекарадан өтпек болса, он жылға түрмеге соттайды. Отанын сатқаны үшін. Күнәсін жуу үшін майдан даласына аттандырады", - деген автор.
Ресейдегі қазақтар ертерек елге келуіміз керек еді деп өкініп отырған көрінеді.
"Путиннің арналарына сеніп зомби болдық. Әлемдегі ең алып империяда тұрып жатырмыз. АҚШ-тың өзі бізбен иық тірестіре алмайды деп кеудеміз аяққаптай болып жүрді. Украинаға аттанған ауылдастарымыздың балаларын темір табытпен әкеле бастағанда қандай пәлеге ұрынғанымызды түсіндік. Павлодардағы бауырым көшіріп аламын деп қанша хабарласса да, мұрнымды шүйіріп едім. Енді барар жер, басар тауымыз қалмады. Сол бауырымнан нөміріңді алып хабарласып тұрмын. Көмектесіңізші. Екі ұлыма бірдей повестка келіп тұр", -  депті Ресейде тұратын апа телефон арқылы журналистке.