Астананың әлеуметтік нысандарына жылу берілді
Астананың әлеуметтік нысандарына жылу берілді
© inform.kz
248
оқылды
Астанада әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосыла бастады, – деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Астанада ауа райының салқындауына байланысты медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары және т.б. нысандар жылыту жүйесіне мерзімінен бұрын қосыла бастады", – делінген хабарламада.
Ал көппәтерлі тұрғын үйлер жылытуға 30 қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен қосылады.
"Сондай-ақ елордада елді мекендерді газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандарындағы үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілді", – деп хабарлады ведомстводан.
Сол сияқты жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды.