Атырауда алғаш рет егіздер шеруі өтті
Атырауда алғаш рет егіздер шеруі өтті
Ерекше шара Құрманғазы ауданында ұйымдастырылды. Мақсат – отбасылардың көп балалы болуға деген ынтасын арттыру, демографиялық ахуалды күшейту. – Бұл – аудан тарихындағы тек егіздердің қатысуымен өткен алғашқы іс-шара. Оларға көрсетілген құрмет те ерекше болды. Шеруге 48 егіз, 1 үшем, барлығы 99 адам қатысты. Егіздер шеруде өз өнерлерін көрсетті, – дейді С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің директоры Жалғас Сағындықов. егіздер