Қызылорданы су ала ма?
Қызылорданы су ала ма?
Биылғы толассыз жауған қардың кесірінен еліміздің көп жері қарға басылып қалды. Қыс бойына үлкен жолдар жабылудан, қала ішін тазалаудан көз ашпады.  Күн жылыған сайын аймақты су басу қаупі төніп тұрғандай. Соның арасында Сырдария өзенінің деңгейі қауіпті мөлшерге дейін көтерілді деген ақпарат кеңінен таралды.  Алайда мамандар «Бұл ақпарат негізсіз» деп отыр. – Республикалық ақпарат агенттігінің бірі 9 қаңтарда «Қы­зы­­лорда» су торабынан өтіп жат­қан су мөлшері 704 текше метр құрайтынын хабарлап, нәти­же­сін­де облыс орталығына қауіп төнуі мүмкін екенін алға тартты. Дегенмен ол деректің ешқандай негізі жоқ. 14 қаңтардан бастап «Көксарай» су реттегіші секундына 200 текше метр су қабылдап жатыр. Ол бұған дейін 100-150 текше метр суды қабылдаған. «Шардара» су қоймасынан облыс шекарасына дейін секундына 480 текше метр су келеді. Ал «Қызылорда» су тос­пасынан төменгі ағысқа секун­дына 340 текше метр су өтеді. Айта кетерлігі, қазір Арал, Қазалы және Қармақшы аудандарының кейбір бөлігінде өзенде мұз қатып тұр. Жалағаш, Қармақшыда сең­нің жүруі 35-40 пайызға жетті. Алай­да Дария деңгейі тұрақты түр­де бақылауда тұр. Тиісті мекеме мамандары күн сайын кезекшілік ұйымдастырып отыр. Оған қоса, облыста су басу қаупі бар 56 учаске белгіленген. Мұнда 126 мекеме бойынша 1359 адам кезекшілік жасап, 411 техника дайындалған, – деді облыстық жұмылдыру дайын­ды­ғы басқармасының басшысы Асылбек Шәменов. «Апат айтып келмейді» де­сек те, төтенше жағдайдың ал­дын алу маңызды. Сондықтан елі­­мізде халықтың қауіпсіздігі бас­ты орынға қойылған. Дер ке­зін­де іс-әрекет жасап, «жұмыла кө­тер­ген жүк жеңіл» дегендей, бір кісідей кіріссек қауіпті еңсе­­ре­міз. Басқарма басшысы Асыл­бек Шәменовтың айтуынша, соңғы 4 жылда ұзындығы 139,3 ша­­­­қырымдағы қорғаныс бөгет­те­­рінің 104 қауіпті учаскесіне жөн­деу жұмысы жүргізілді. Об­лыс бюджетінен бөлінген қар­жы есебінен Арал, Қазалы, Қармақ­шы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аумақтарында қауіпті деген қорға­ныс бөгетінің 26 учаскесі қалыпқа келтірілсе, 21-і аяқталып қалды. – Су тасқыны кезеңінде көк­тем­гі сең жүру аяқталғанға дейін тәу­­лік бойы кезекшілік ұйым­дас­­­тырылып, өзен арнасына мо­­­ни­торинг жұмыстары жүр­гі­­зі­­ле­ді. Облыс аумағында тө­тен­ше жағ­дай­дың алдын алу мақсатында «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 2 тік­ұ­шағы дайын. Мұз жа­ру жұ­мыс­тарына және қап са­тып алу­ға қажетті қаржы мә­се­ле­сі ше­­шіл­ді. Су тасқыны кез­інде ха­­­­лық­ты эвакуациялау үшін 79 эвак­­­уа­ция­­­лық жинақтау және 99 эвакуа­­­циялық қабылдау пунк­ті әзір тұр. Су тасқынына қар­сы іс-ша­ра аяқ­­­талғанға дейін аза­мат­тық қор­ғау­­­дың барлық қыз­меті кү­­шей­­тіл­­ген жұмыс режи­міне кө­­ші­рі­ле­ді. Со­нымен бір­ге жыл са­­йын қа­­раша айында респуб­ли­ка­­лық ко­­­­ман­­­далық-штабтық оқу-жат­­ты­ғу өт­­кізіледі. Биыл да «Қыс-2019» оқу-жат­­­тығуы жоспарланып отыр, – деді ол. Жобаларға тоқтасақ, «Су басу қау­пін болдырмау мақсатында Қызылорда қаласының шегіндегі Сырдария өзенінің арнасын таза­лау» жобасына 5 млрд теңге қа­жет. 11 шараны қамтитын «2017-2020 жылдардағы Қызылорда облы­сындағы су тасқынының ал­­дын алу және жою бойынша ке­­шен­ді шаралар» жобасына 4,5 млрд теңге керек болса, оның үше­уі – САРАТС-2 жобасының ком­­­поненттері. Ал соңғы жоба – «Қы­зылорда облысының бас­қа­ру ор­гандары мен халқын құлақ­тан­­дырудың кешенді жүйесін құру». Жобада 124 елді мекенге бір те­тік­­пен басқаратын 167 дауысты қон­дырғы орнату және цифрлы теле­арналарға қосылу жабдығын ор­наластыру қарастырылған.   Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы