Ақтөбеде полицейлер 900-ден астам киік мүйізін тәркіледі – видео
Ақтөбеде полицейлер 900-ден астам киік мүйізін тәркіледі – видео
Фото: polisia.kz
358
оқылды
Ақтөбе облысында полицейлер 900-ден астам киік мүйізін тәркіледі. Polisia.kz-тің дерегінше, Ақтөбе облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Самара-Шымкент тасжолында 41 жастағы жүргізушінің ВАЗ-2110 көлігін тоқтатты. Көлікте 61 жастағы жолаушы болған. Полицейлер көліктің жүксалғышынан 7 қорап ақбөкен мүйізін тапты. Жолаушы қораптардың өзіне тиесілі екенін және мүйіздерді сатқысы келгенін түсіндірді. Қораптарда 765 дана киік мүйізі болды.   https://youtu.be/h7kfiYtb72I Сонымен қатар ер адамның тұрғылықты жерінен тағы 184 киік мүйізі тәркіленді. Барлығы 949 дана киік мүйізі алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.