Қармақшылықтар көгілдір отынға қол жеткізеді
Қармақшылықтар көгілдір отынға қол жеткізеді
671
оқылды
Қызылорда облысына қарасты Қармақшы ауданының халқы көп ұзамай көгілдір отынның игілігін көретін болады. Бүгінде ауданға қарасты бірнеше елді мекенге газ тарту жұмыстары қолға алынған. Жалпы, 2021 жылы облыстық бюджет есебінен республикалық маңызы бар Байқоңыр қаласының жанында орналасқан  «Қызылорда облысы  Қармақшы ауданының Ақай елді мекенінде тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу»  және «Қызылорда облысы  Қармақшы ауданының Төретам кентінде тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу» жобалары әзірленіп, жобалар сараптамадан өткізігені. Осыған орай Төретам кенті бойынша 2 000 тұрғын үй мен 220 әлеуметтік нысанға газ қосу жоспарланып отыр. Аталмыш жоба бойынша мердігер мекеме болып «Азия Сервис» ЖШС танылған. Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 97.179 шақырым газ құбыры жүргізілген. Сонымен қатар Ақай елді мекенді көгілдір отынмен қамту мақсатында  AKBARS Stroy Ltd  ЖШС тиісті жұмыстарды атқаруда екен. Нәтижесінде, ауылдағы 83 кәсіпкерлік және 14 әлеуметтік нысан газға қосылады деп күтілуде. Бұл жұмыстар 2023 жылы толықтай аяқталып, ел игілігін көреді деп межеленіп отыр. Бұған қоса Қармақшы аудандық әкімдігінің мәлімдеуінше, Жаңажол ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «Жаңажол» ЖШС демеушілігімен  Дүр Оңғар ауылының жеткізуші газ құбырының және газ тарату елдімекенішілік газ құбырының құрылысы» жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қарауына ұсынылды.  Аталған жоба әзірленгеннен кейін  құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы көлемін тиісті бюджеттен бөлуге  ұсыныс жасалмақ.