«Қабағын жарып, денесін жарақаттады»: әнші Төреғали Төреәлі гидті соққыға жықты
«Қабағын жарып, денесін жарақаттады»: әнші Төреғали Төреәлі гидті соққыға жықты

Отандық әнші Төреғали Төреәлі Алматыдағы Көлсай көлінде гидті соққыға жықты. Куәгерлердің сөзінше, Төреғали жігітті орынсыз балағаттап, қабағын жарып, денесін бірнеше жерден жарақаттаған. Әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәліге қатысты видео тарады. Онда Алматы облысындағы Көлсай көлінде әншінің гидке қол жұмсағаны жайлы айтылған. Кадр сыртындағы дауыстарға қарағанда әншінің мұндай әрекетіне гидтің оған дұрыс қарамағаны себеп болған. Сондай-ақ видеода куәгерлердің пікірі келтірілген. Олардың бірі Төреғалидың гидті жөнсіз балағаттап, қабағын жарып, бірнеше дене жарақатын салғанын айтады.