Алматыда 14 жасар жасөспірім биіктен құлап көз жұмды. Алматы қаласының Полиция департаменті мәлім еткендей, марқұм 2007 жылы туған.
«18-қабаттағы пәтердің терезесінен құлау салдарынан 2007 жылы туған жасөспірім қайтыс болды», – делінген ПД хабарламасында.Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды.