Ресей Қазақстанмен шекарада уақытша мобилизация пунктін орнатты

Ресей
фото: t.me/uralskweek_kz

Ресей Қазақстанмен арадағы шекарада, Астрахан облысындағы «Қараөзек» өткізу бекетіне уақытша ішінара мобилизация пунктін орнатты, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

ТАСС агенттігінің жазуынша, бұл шешімге Ресей азаматтарының шекарадағы көпшақырымдық кезекте тұрғаны себеп болған. Олардың арасында әскер жасындағы ер адамдардың көп екені белгілі.

«Муниципалитет аумағында Қазақстан Республикасына автокөлік өткізу пункті – «Қараөзек» бақылау-өткізу бекеті орналасқан. Қазір елден кеткісі келетіндердің көпшақырымдық кезегі пайда болған. Кезегін күткендердің арасында әскер жасындағы ер адамдар көп», – делінген аймақ басшылығының баспасөз хабарламасында.

«Қараөзек» өткізу бекетінде Қазақстанға кіруге ниет білдіргендердің бәрінің құжаты тексеріледі. Әскерге шақыру тәртібіне сәйкес келетін, бірақ борышын өтеуді кейінге қалдыруға немесе әскери комиссариаттан рұқсат алуға құқығы жоқ ресейліктер елден шығарылмайды.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.