Қостанайда бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі өзеннен табылды
Қостанайда бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі өзеннен табылды
Фото: ng.kz
Қостанай қаласында бір апта бұрын жоғалып кеткен әйелдің денесі өзеннен табылды. Белгілі болғандай, қала тұрғыны 22 қыркүйекте полицияға арызданып, әйелінің жоғалып кеткені туралы айтқан.
«29 қыркүйек күні таңғы сағат 8:25-те Үлкен көпір маңында әйел адамның денесі жатуы мүмкін деген хабар түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы марқұмның 22 қыркүйекте жоғалып кеткен Қуаныш Бермұхамбетова екенін анықтады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Аталған дерек бойынша полицейлер тергеу жұмысын бастады. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.