Астанада тұрғын үйлерді жылыту жүйесіне қосу басталды
Астанада тұрғын үйлерді жылыту жүйесіне қосу басталды
Елордада ауа райының салқындауына байланысты жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталды. 29 қыркүйекте көппәтерлі үйлер жылыту жүйесіне қосыла бастады. Бұған дейін 27 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандар (медициналық мекемелер, мектептер, балабақшалар, спорт нысандары және т.б.) жылыту жүйесіне қосыла бастады. Сондай-ақ  елордада тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмыстары жалғасуда. Алматы және Сарыарқа аудандары үйлерді газға қосу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілген. Жеке сектор тұрғындары үшін көмір сататын компаниялар анықталды. Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша "Қауырт желі" жұмыс істейді, онда тұйықтықтағы (тупик) көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы білуге болады.