Көктайғақ, тұман: 8 өңірде ескерту жарияланды
Көктайғақ, тұман: 8 өңірде ескерту жарияланды
© 24.kz
1,312
оқылды
«Қазгидромет» РМК 30 қыркүйекте ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с артады.
Түнде Абай облысының солтүстігінде тұман болжанады. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, өңірдің батысында, орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, өңірдің орталығында күші 15-20 м/с артуы ықтимал. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады. Күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с күшейеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түнде Жетісу облысының таулы аудандарына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығыста екпіні 25 м/с артады. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Қостанай облысының батысында көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.