14 нокауты бар қазақстандық "Канелоны" чемпиондықтан айырмақ
14 нокауты бар қазақстандық "Канелоны" чемпиондықтан айырмақ
© bukmekerov.net
11,405
оқылды
Суперорта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (19-1, 14 КО) Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) карьерасы туралы сөйлескенін айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz. 27 жастағы қазақстандық өзінің түпкі мақсатын айтты. Ахмедов мексикалық Сауль "Канело" Альварестегі (58-2-2, 39 КО) WBC белбеуін көздеп жүргенін меңзеді.
"Геннадий менің промоутерім, алайда  ағам секілді. Оның қасында екеніме қуаныштымын. Алдында екеуміз бір жарым сағат менің болашағым туралы әңгімелестік, мендегі мақсат – жасыл-сары белбеу! Бұл менің ең бірінші толыққанды белбеуім болады. Енді... келесі қадам – жасыл-сары (алтын) белебу",– деп береді боксшының сөзін WBC.