Алматыда жас қызды көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды
Алматыда жас қызды көлік қағып кеткен сәт видеоға түсіп қалды
520
оқылды
Алматыда 20 жастағы қызды көлікпен қағып кету фактісі бойынша тергеу шаралары басталды.  Ресми мәліметке сәйкес, 28 қыркүйек күні сағат 16:00-дің кезінде Lada көлігінің жүргізушісі Сейфуллин даңғылында жолаушыны қағып өткен.
"28 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында Lada көлігін тізгіндеген К. есімді азамат Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, даңғылды батыс бағытта кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні, 2002 жылы туған азаматшаны қағып кеткен. Осы жол апатының салдарынан дене жарақатын алған жаяу жүргінші қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.