Қарттар күніне орай елорда зейнеткерлері әлеуметтік көмек алады
Қарттар күніне орай елорда зейнеткерлері әлеуметтік көмек алады
408
оқылды
Қарттар күніне орай елордада 91 672 зейнеткер біржолғы әлеуметтік көмек алады. Астана қаласы әкімдігінің нақтылауынша, бұл төлемдер 3 қазанға дейін жүзеге асырылады, – деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
1 қазан – Қарттар күніне орай жасы бойынша 91 672 зейнеткерге және зейнеткерлік жастағы адамдарға зейнетақының ең төменгі мөлшерін алушылар қатарынан 2,5 АЕК (7 950 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген. Төлемдердің жалпы сомасы 730 млн теңгені құрайды.
Төлем "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің тізімдері негізінде Астанада тіркелген және тұрақты тұратын жеріне байланысты зейнетақы алушыларға беріледі.