«Барыс» басым түсті
«Барыс» басым түсті
1,104
оқылды
Ресейде өткен құрлықтық хоккей лигасында елордалық «Барыс» кезекті ойынын «Спартак» (Мәскеу) клубына қарсы өткізді. Екі команда бұған дейін 27 мәрте кездесті, оның 10-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды. Бұл кездесуді мәскеулік хоккейшілер белсенді бастады. Нәтижесінде, 4-минутта олардың қатарынан Захар Арзамасцев мергендік танытты. Бұл кезеңде елордалық клубтан Нельсон Ножье мен Михаил Григорьев дөрекі мінез көрсетіп, екі минуттық айыппен жазаланды. Екінші кезеңде «Спартак» сапынан екі хоккейші осындай жазаға тартылды. Дегенмен оны қазақстандық клуб өз пайдасына жарата алған жоқ. Үшінші кезеңде ойын басынан «Барыстың» басымдығы байқалды. Алдымен, 40-минутта Джереми Бракко таразы басын теңестірсе, 45-минутта Аркадий Шестаков елордалық клубты алға шы­ғарды. Ал 53-минутта Егор Петухов жеңіс шайбасын соқты. Осылайша, «Барыс» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. «Барыс» алдағы екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен, 2 қазанда «Сочи» командасын қабылдаса, 4 қазанда «Нефтехимикпен» шеберлік байқасады.