МӘМС жүйесінің тиімділігі зор
МӘМС жүйесінің тиімділігі зор
Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтан­дыру жүйесі 2020 жылы толық күшіне енгені белгілі. Соның негізінде Қызылорда облысында халықтың сапалы медициналық көмек алуына қолжетімділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар ауқымы кең. Бұл тұрғыда «Әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облыстық фи­лиалының мәлімдеуінше, бүгінде өңір халқының 83,7 пайызы сақ­тандырылған. Нақты айтқанда, биылғы 1 қыркүйекке дейінгі жағ­дай бойынша, Қызылорда об­лысында БХТ деректерінде 807 мың 301 адам тіркелген. Оның ішінде сақтандырылған халық саны 675 мың 869 адамды құрай­ды екен. Ал сақтандырылмаған 1 301мың 432 адам бар.
«Негізінен, сақтандырылған адам ТМККК мен МӘМС пакет­теріндегі барлық қызметті тегін ала алады. Осы екі пакетке негізінен барлық дерлік қызмет кіреді. Ал мұнда жатпайтын медқызметтер ауқымы шектеулі. Яғни, ортопе­диялық стоматология, космето­ло­гия, пластикалық хирургия, кейбір меданықтамалар алу сынды қыз­мет түрлерін айтуға болады. Ал МӘМС жүйесінде «сақтандырыл­маған» болса, ТМККК-де қарас­тырылған медициналық қызмет түрлері ұсынылады. Халыққа осы жайында кеңінен түсіндіріп ке­леміз. Сонымен қатар 2020 жыл­дың наурызынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындармен кері байланыс арнасын – Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын іске қосты. Осы мо­бильді қосымша арқылы 24/7 жұ­мыс режимінде 1406 байланыс ор­талығы медициналық сақтан­дыру және пациенттердің құқы­ғына қатысты өтініштерін қабыл­дайды», – дейді «Әлеуметтік ме­ди­циналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша фи­лиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Жалпы, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы медициналық көмек туралы кеңес алу, дәрігер­лерге немесе медициналық ұйым­дарға алғыс және шағым білдіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ МӘМС және ТМККК шеңберінде жұмыс істеуге қатысты ұсыныстармен бө­лісуге болады. Сол сияқты Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы сақтандыру мәртебеңізді тексеру, медициналық сақтанды­ру­дағы төлемдерінің мөлшерін білу, медициналық қызметтердің сапасын бағалау, COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы және ТМККК, МӘМС пакеттері туралы өзекті сұрақтарға да жауап алуға болады. Егер пациентке медици­на­лық көмек көрсетуден бас тар­тылса немесе тиісті түрде көмек көрсетілмесе, онда 1406 нөмірі, Qoldau-24/7 мобильді қосымша­сы немесе SaqtandyruBot Telegram-бот бойынша жүгіну қажет. Ма­мандар осылай деп мәлімдеді. Қызылорда облысында жыл басынан бері азаматтардан 7 908 өтініш түсіп, тиісінше жауап беріліпті. Сол сияқты егер де азамат еш жерде жұмыс істемесе, әлеуметтік осал санатқа жатпаса және жеке кәсіпкер болмаса, ол медициналық сақтандыру үшін 1 ЕТЖ-нің 5 па­йызын немесе 3 000 теңге мөл­шерінде жарна төлеуі қажет екен. МӘМС жүйесіне қатысудың бұл тәсілі, әсіресе оралмандар мен ел аумағында тұрақты тұратын адам­дарға да қолжетімді.
«ҚР МӘМС туралы 2015 жыл­ғы 16 қарашадағы №405-V заңы­ның 5-бабының 3-тармағында көр­сетілгендей, жарна төлеу мер­зімі төлем күнінің алдындағы 12 айдан аспауы керек. Яғни, соңғы 12 айға тұрақты аударым мен жар­наны аудару қажет. Сонымен қатар алдағы 12 айға да төлем жасауға болады. Ал МӘМС-ке жарналар төлемеген адамдар сол өзгерістер бойынша міндетті әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру жүйесін­де­гі медициналық көмекті алу үшін екі тәсілдің біреуін таңдап, жар­налар төлей алады. Бұл өзгеріс 2022 жыл­дың қыркүйегінде қа­былдан­ды», – дейді филиал директоры.
МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алудың тағы бір тәсілі – бұл бірыңғай жиынтық төлемін төлеу. БЖТ – бұл азаматтардың өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамты­ғандар санатын әлеуметтік қам­сыздандыру жүйесінен тыс қал­мауы үшін зандастырудың бір түрі. Бірыңғай жиынтық төлем үлесінің 10 пайызы – жеке табыс салығы, 30 пайызы – БЖЗҚ-ға зейнетақы тө­лемдері, 40 пайыз – міндетті әлеу­­меттік медициналық сақтан­дыру қорына аударымдар және 20 пайыз мемлекеттік әлеуметтік сақ­тан­дыру қорына әлеуметтік аударым­дар арқылы есептеледі. Республикалық және облыс­тық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін БЖТ-ның мөлшері 3 063 теңгені құраса, бас­қа елді мекендерде тұратындарға 1 531,5 теңге көлемін құрайды. Егер де сақтандырылмаған аза­мат 3 ай қатарынан БЖТ төлесе, 3 айында ғана автоматты түрде соң­ғы 12 айдағы төлеміне қарамастан сақтандыру мәртебесіне ие бо­лады. Алайда одан кейінгі айларда сақтандыру мәртебесінде болу үшін БЖТ-ны тұрақты түрде ай сайын төлеп отыру қажет екен. Жарналарды әртүрлі жолмен төлеуге болады. Атап айтқанда, екінші деңгейлі банктер және олар­дың мобильді қосымшалары, «Халық банкі» терминалдары, KASSA 24, QIWI, медициналық мекемелердегі жедел төлем терми­налдары, «Қазпошта» АҚ филиал­дары және Kaspi.kz мобильді қо­сымшасы арқылы жүзеге асыруға болады. «МӘМС туралы» заңның 31-ба­бына сәйкес, төлеушiнің аудaрымдaры мен жарнaларын уaқытылы аудармағaны үшiн жa­уaптылығы да қарacтырылған. Яғни, аудaрымдар мен жaрна­лардың уaқытылы аудaрылмаған сомaларын мемлекеттiк кірiс ор­гaндары өндiріп алaды. Со­нымен қатар төлеушi олaрды Ұлттық бaнк бeлгілeген қaйта қaржылaн­ды­рудың 1,25 есeлeнген рeсми мөл­шeрлемесi мөлшeрінде мeрзімi өткен әрбiр күн үшiн есeпке жa­зылған өсiмпұлмeн біргe қордың шотынa аудaруға тиiс екенi турaлы көрсетiлгeн. Облыстық филиалдың ай­туынша, әрбір азаматқа өз мәрте­бесін анықтау үшін де жағдай жа­салған. Бұл тұрғыда SаqtаndyrуВоt Telegram-бот арқылы нақтылаy, eGov.kz сайтына кіріп ЖCH нө­мiрiн теру немесе аймақтық XҚK0-ға, медицинaлық ұйымғa барып, мeдицинaлық ақпарaттық жүйедегi мәртебеңiздi тексeру болады. Ал жеңiлдік жасaлған 15 санаттың бірiне кіретін адам ав­тoмaтты түрдe MӘMC қатыcу­шы­сы болады. Сол сияқты қор ха­лықпен кері байланыс жүйесін де бірізге қойған. Яғни, облыс тұр­ғындарын MӘMС жүйесі жайлы ақпараттандыру жұмыстары тұ­рақты жүргізілуде. Осы мақсатта өткен жылдан бері Qoldau24/7 мобильді қосымшасы әзірленіп, МӘМС жүйесіне байланысты то­лық ақпарат алуға және де ме­ди­цина мекемесінің қызметіне ша­ғым қалдыруға мүмкіндік артып отыр. Сондай-ақ 1406 нөмірі бо­йынша бірыңғай байланыс орта­лығына хабарласып, сақтандырылу мәртебесі туралы толық ақпарат алуға болады. Ал медициналық сақтанды­рудың уақытша мәртебесін алу үшін азаматтар Qoldau-24/7 мо­бильді қосымшасы мен қордың АIKEY СRМ ақпарттық жүйесі арқылы Saqtandyrý ақпараттық жүйесінде уақытша бір айға сақтандыру мәртебесін ала алады. Филиал директорының сөзіне сүйенсек, өңірде медициналық жаңа жүйенің мәні мен маңызын түсіндіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы кең. Алдағы уақытта да ұлт саулығы мен халық денсаулығын нығайту жо­лында тиісті жұмыстар жалғасатын болады.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда облысы