Елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылы толық күшіне енгені белгілі. Соның негізінде Қызылорда облысында халықтың сапалы медициналық көмек алуына қолжетімділігін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар ауқымы кең. Бұл тұрғыда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалының мәлімдеуінше, бүгінде өңір халқының 83,7 пайызы сақтандырылған. Нақты айтқанда, биылғы 1 қыркүйекке дейінгі жағдай бойынша, Қызылорда облысында БХТ деректерінде 807 мың 301 адам тіркелген. Оның ішінде сақтандырылған халық саны 675 мың 869 адамды құрайды екен. Ал сақтандырылмаған 1 301мың 432 адам бар.
«Негізінен, сақтандырылған адам ТМККК мен МӘМС пакеттеріндегі барлық қызметті тегін ала алады. Осы екі пакетке негізінен барлық дерлік қызмет кіреді. Ал мұнда жатпайтын медқызметтер ауқымы шектеулі. Яғни, ортопедиялық стоматология, косметология, пластикалық хирургия, кейбір меданықтамалар алу сынды қызмет түрлерін айтуға болады. Ал МӘМС жүйесінде «сақтандырылмаған» болса, ТМККК-де қарастырылған медициналық қызмет түрлері ұсынылады. Халыққа осы жайында кеңінен түсіндіріп келеміз. Сонымен қатар 2020 жылдың наурызынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындармен кері байланыс арнасын – Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын іске қосты. Осы мобильді қосымша арқылы 24/7 жұмыс режимінде 1406 байланыс орталығы медициналық сақтандыру және пациенттердің құқығына қатысты өтініштерін қабылдайды», – дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.Жалпы, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы медициналық көмек туралы кеңес алу, дәрігерлерге немесе медициналық ұйымдарға алғыс және шағым білдіруге мүмкіндік бар. Сондай-ақ МӘМС және ТМККК шеңберінде жұмыс істеуге қатысты ұсыныстармен бөлісуге болады. Сол сияқты Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы сақтандыру мәртебеңізді тексеру, медициналық сақтандырудағы төлемдерінің мөлшерін білу, медициналық қызметтердің сапасын бағалау, COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы және ТМККК, МӘМС пакеттері туралы өзекті сұрақтарға да жауап алуға болады. Егер пациентке медициналық көмек көрсетуден бас тартылса немесе тиісті түрде көмек көрсетілмесе, онда 1406 нөмірі, Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы немесе SaqtandyruBot Telegram-бот бойынша жүгіну қажет. Мамандар осылай деп мәлімдеді. Қызылорда облысында жыл басынан бері азаматтардан 7 908 өтініш түсіп, тиісінше жауап беріліпті. Сол сияқты егер де азамат еш жерде жұмыс істемесе, әлеуметтік осал санатқа жатпаса және жеке кәсіпкер болмаса, ол медициналық сақтандыру үшін 1 ЕТЖ-нің 5 пайызын немесе 3 000 теңге мөлшерінде жарна төлеуі қажет екен. МӘМС жүйесіне қатысудың бұл тәсілі, әсіресе оралмандар мен ел аумағында тұрақты тұратын адамдарға да қолжетімді.
«ҚР МӘМС туралы 2015 жылғы 16 қарашадағы №405-V заңының 5-бабының 3-тармағында көрсетілгендей, жарна төлеу мерзімі төлем күнінің алдындағы 12 айдан аспауы керек. Яғни, соңғы 12 айға тұрақты аударым мен жарнаны аудару қажет. Сонымен қатар алдағы 12 айға да төлем жасауға болады. Ал МӘМС-ке жарналар төлемеген адамдар сол өзгерістер бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу үшін екі тәсілдің біреуін таңдап, жарналар төлей алады. Бұл өзгеріс 2022 жылдың қыркүйегінде қабылданды», – дейді филиал директоры.МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін алудың тағы бір тәсілі – бұл бірыңғай жиынтық төлемін төлеу. БЖТ – бұл азаматтардың өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтығандар санатын әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінен тыс қалмауы үшін зандастырудың бір түрі. Бірыңғай жиынтық төлем үлесінің 10 пайызы – жеке табыс салығы, 30 пайызы – БЖЗҚ-ға зейнетақы төлемдері, 40 пайыз – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және 20 пайыз мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар арқылы есептеледі. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін БЖТ-ның мөлшері 3 063 теңгені құраса, басқа елді мекендерде тұратындарға 1 531,5 теңге көлемін құрайды. Егер де сақтандырылмаған азамат 3 ай қатарынан БЖТ төлесе, 3 айында ғана автоматты түрде соңғы 12 айдағы төлеміне қарамастан сақтандыру мәртебесіне ие болады. Алайда одан кейінгі айларда сақтандыру мәртебесінде болу үшін БЖТ-ны тұрақты түрде ай сайын төлеп отыру қажет екен. Жарналарды әртүрлі жолмен төлеуге болады. Атап айтқанда, екінші деңгейлі банктер және олардың мобильді қосымшалары, «Халық банкі» терминалдары, KASSA 24, QIWI, медициналық мекемелердегі жедел төлем терминалдары, «Қазпошта» АҚ филиалдары және Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады. «МӘМС туралы» заңның 31-бабына сәйкес, төлеушiнің аудaрымдaры мен жарнaларын уaқытылы аудармағaны үшiн жaуaптылығы да қарacтырылған. Яғни, аудaрымдар мен жaрналардың уaқытылы аудaрылмаған сомaларын мемлекеттiк кірiс оргaндары өндiріп алaды. Сонымен қатар төлеушi олaрды Ұлттық бaнк бeлгілeген қaйта қaржылaндырудың 1,25 есeлeнген рeсми мөлшeрлемесi мөлшeрінде мeрзімi өткен әрбiр күн үшiн есeпке жaзылған өсiмпұлмeн біргe қордың шотынa аудaруға тиiс екенi турaлы көрсетiлгeн. Облыстық филиалдың айтуынша, әрбір азаматқа өз мәртебесін анықтау үшін де жағдай жасалған. Бұл тұрғыда SаqtаndyrуВоt Telegram-бот арқылы нақтылаy, eGov.kz сайтына кіріп ЖCH нөмiрiн теру немесе аймақтық XҚK0-ға, медицинaлық ұйымғa барып, мeдицинaлық ақпарaттық жүйедегi мәртебеңiздi тексeру болады. Ал жеңiлдік жасaлған 15 санаттың бірiне кіретін адам автoмaтты түрдe MӘMC қатыcушысы болады. Сол сияқты қор халықпен кері байланыс жүйесін де бірізге қойған. Яғни, облыс тұрғындарын MӘMС жүйесі жайлы ақпараттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Осы мақсатта өткен жылдан бері Qoldau24/7 мобильді қосымшасы әзірленіп, МӘМС жүйесіне байланысты толық ақпарат алуға және де медицина мекемесінің қызметіне шағым қалдыруға мүмкіндік артып отыр. Сондай-ақ 1406 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, сақтандырылу мәртебесі туралы толық ақпарат алуға болады. Ал медициналық сақтандырудың уақытша мәртебесін алу үшін азаматтар Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы мен қордың АIKEY СRМ ақпарттық жүйесі арқылы Saqtandyrý ақпараттық жүйесінде уақытша бір айға сақтандыру мәртебесін ала алады. Филиал директорының сөзіне сүйенсек, өңірде медициналық жаңа жүйенің мәні мен маңызын түсіндіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы кең. Алдағы уақытта да ұлт саулығы мен халық денсаулығын нығайту жолында тиісті жұмыстар жалғасатын болады.
Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда облысы