Таразда «Береке» базары өртенді  
Таразда «Береке» базары өртенді  
Фото: tengrinews.kz
538
оқылды
Тараз қаласында «Береке» базары өртенді. Бұл туралы Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
«Бүгін сағат 7.52-де өңірдегі департаменттің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының 101 телефонына Тараз қаласы Мәмбет батыр көшесіндегі «Береке» базарының асханасы мен сауда дүңгіршектерінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жоғары шақырту бойынша департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдары, атап айтқанда, 56 қызметкер және 13 техника жіберілді», – деді департамент өкілі.
Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.