Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды: әншіге қандай шара қолданылатыны белгілі болды
Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды: әншіге қандай шара қолданылатыны белгілі болды
© newsroom.kz
35,265
оқылды
Әлеуметтік желіде белгілі әнші Төреғали Төреәлінің Көлсай көлі маңында гидті соққыға жыққаны туралы видео тараған еді. Осы жайтқа қатысты қазір Алматы облысы Кеген ауданының полициясы тексерісті жүргізіп жатыр. Нақтырақ айтқанда, ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша іс қозғалғаны белгілі болды, – деп хабарлады azattyq-ruhy.kz. Мұны Алматы облысының Полиция департаменті растады.
"Төреғали Төреәлінің үстінен ҚР ҚК 293-бабы бойынша іс қозғалып отыр», – делінген хабарламада.
Мұндай оғаш қылық жасағандардың қалай жазаланатыны ҚР Қылмыстық кодексінде былай деп көрсетілген:
"Екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады».