Қызылорда облысында қонақүйде иесін өлтіріп кетті
Қызылорда облысында қонақүйде иесін өлтіріп кетті
© polisia.kz
1,017
оқылды
Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде учаскелік полиция инспекторлары қонақүй иесін өлтіру фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 29 қыркүйек күні Шиелі ауданында болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне ауылдағы қонақүйлердің бірінде иесінің дене жарақаттары бар мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, осы қылмысты жасады деген күдікпен 25 жастағы облыс тұрғыны ұсталды. Айғақты заттар алынды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен тергеп-тексеру әрекеттері басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.