Демалыс күндері еліміздің солтүстігінде 23 градусқа дейін жылы болады

Демалыс күндері еліміздің солтүстігінде 23 градусқа дейін жылы болады

"Қазгидромет" РМК алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Солтүстік антициклон жотасы ықпалымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары фронттардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Түнгі уақытта республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Елдің батысы мен оңтүстігінде желдің күшеюі күтіледі. Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Күндіз еліміздің батысында негізгі фон 17-28 градус жылы, солтүстік-батыста 5-18 градус жылыдан 8-23 градус жылыға дейін, солтүстікте 0-8 градустан 2-11 градус жылыға дейін аздаған жоғарылауы болжанады. Орталықта 3-15 градус жылы, шығыста 0-8 градус жылыдан 2-10 градус жылыға дейін аздаған жоғарылауы күтіледі, оңтүстікте негізгі фон 10-22 градус жылы, оңтүстік-шығыста 7-13, таулы аудандарда 2 градус жылыдан 12-18 градус жылы, таулы аудандарда 9 градус жылыға дейін жоғарылауы күтіледі.