Президенттің іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды

Президенттің іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Жақанды Президенттің Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатты, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Амангелдіұлы Жақан Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды», – делінген хабарламада.
Талғат Жақан 2022 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарды, оған дейін, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Президент Іс Басқармасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімін басқарды. Одан бұрын, 2016 жылдың қыркүйегінен бастап республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау үшін есеп комиссиясының мүшесі болды.