Қамауда отырған «Дикий Арманға» қатысты тың дерек шықты
Қамауда отырған «Дикий Арманға» қатысты тың дерек шықты
36,371
оқылды
Қылмыстық топтың жетекшісі Арман Жұмагелдиевке («Дикий Арман») жаңа айып тағылды, – деп хабарлайды  журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында.
«Арман Жұмагелдиевке (Дикий) жаңа айып тағылды. Енді ол 2016 жылдан бері ҰҚК бесінші басқармасының бұрынғы бастығы Руслан Ысқақовтың бақылауында болған қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінді», – деп жазды Козачков.
Айта кетейік, 7 қаңтарда Алматы полицейлері «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті Қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен ұстаған болатын.