Синоптиктер 6 өңірде дауылды ескерту жариялады
Синоптиктер 6 өңірде дауылды ескерту жариялады
1,712
оқылды
Cиноптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 қазанда еліміздің алты өңірінде дауылды ескерту жариялады. Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен қатты жел тұрады деп күтіледі. Талдықорғанда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанады. Ұлытау облысының оңтүстігінде күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. Абай облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрады деп болжанады. Қызылорда облысының орталықталығында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Сондай-ақ өңірде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы ықтимал. Төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.