Аңыз цирк Астанаға келеді

цирк

Астана циркінде алғаш рет аты аңызға айналған Юрий Никулин атындағы цирк толық құрамда өнер көрсетеді.

Әлемдік өнер кеңістігінде өзін­дік қолтаңбасы бар атақты цирк ұжымының гастрольдік сапары 1-23 қазан аралығында өтеді. Никулин циркі көрермен назарына виртуоз гимнасшылар, әуе гимнасшылары мен жонглерлер, акробат-эксцен­триктер мен эквилибристер, көп­шілік сүйетін сайқымазақтардың таңғажайып бағдарламаларын ұсынады.

Бұл сапарда Юрий Никулиннің 100 жылдығына арналған, үздік артистер шоғырланған бағдарлама қойылмақ. Ю.Никулин циркі 1 қазан күнгі концерті Ха­лық­аралық қарттар күні мен Балалар жылына орайластырылада. Билетті Тикетон сайтында және цирк кас­саларында сатып ала аласыздар.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.