«Білімді ел» боламыз десек...
«Білімді ел» боламыз десек...
346
оқылды
«AMANAT» партиясы Шы­ғыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті. Жиынға филиал төрағасы, облыс әкімі Даниал Ахметов, филиалдың Саяси кеңесі және бюро мүшелері, облыстық мәсли­хат депутаттары, сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы қоғамдық кеңес­тердің және партиялық бақылау комиссияларының төрағалары, жергілікті атқарушы және өкілетті орган жетекшілері, қоғамдық ұйым­дар, жастар бірлестігі, бұ­қара­лық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыстық конференцияның күн тәртібінде «AMANAT» партия­сының Саяси тұғырнамасы тал­қыланып, XXIV кезектен тыс съезге қатысатын делегаттардың тізімін бекіту мәселесі қаралды.
«AMANAT» партиясының Саяси платформасы биыл наурыз айында іске қосылған толық ау­қымды партиялық трансфор­ма­цияның бір бөлігі. Платформа Қа­зақстанның басты қоғамдық кү­ші­нің болашаққа деген көзқа­расын, даму бағдарын, саяси мақ­сатын қамтиды. Саяси тұғыр­наманы талқылауға партиялықтар, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ғылыми және шығар­машылық зиялы қауым, азаматтық белсенділер қатысты. Платформа бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнамада 40 мыңнан астам партия мүшесі өз ұстанымын білдірді, мыңнан астам бастама түсті. Біздің міндетіміз – «AMANAT» партиясының жаңа саяси платформасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету», – деді Даниал Ахметов.
«AMANAT» – халық үніне құ­лақ асатын партия. Саяси құжаттың «Білімді ел» бөлімінде біз тың идея­ларға ашық, сыни және креативті ойлай алатын, ізденімпаз, білімі мен кәсіби қа­білетін жетілдіруге дайын аза­маттарды тәрбиелеп шығаруымыз қажет делінген.
«Біз, көптеген партиялас сияқ­ты, «AMANAT» партиясының сая­си платформасы бойынша жүргізіл­ген әлеуметтік сауалнамаға белсенді қатыстық. Біздің ұсыныс жаңа құжатта ескерілгенін атап өткім келеді. Мысалы, Саяси плат­форма мәтінінің көлемін азайтуды ұсын­дық, бұл оның мәнін жақсы қабыл­дауға мүмкіндік береді. Президент бастамашылық еткен жүйелі ре­фор­маларды табысты іске асыруға барлық тәжірибеміз бен қабілеті­мізді бағыттаймыз», – деді «Он­коцентр» бастауыш партия ұйымы­ның төрағасы Анна Кухарева. «Жастар халықтың тарихын, тілі мен дәстүрін құрметтейді. Біз білімді болуға ұмтыламыз, зама­науи дәуірдің талаптарына бейім­деле аламыз. Технологиялық ин­новацияларды меңгеріп, көшбас­шылық қасиеттерге ие боламыз. ШҚО жастары «AMANAT» пар­тиясының саяси тұғырнамасы­ның жаңаруын толық қолдайды», – деді ШҚО филиалы жанындағы «Жас­тар рухы» ЖҚ төрағасы Қорлан Туғанбаева.
Конференция соңында 6 қазан күні Астанада өтетін «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV съезіне делегаттардың тізімі бекітілді.