Nur Otan Павлодар облысындағы жылумен қамту мәселесін қолға алды
Nur Otan Павлодар облысындағы жылумен қамту мәселесін қолға алды
5,304
оқылды
«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде бірқатар түйінді мәселелерді шешуге уәде берді. Атап айтсақ, Новочерноярка ауылындағы 16 көп қабатты үй орталық жылу жүйесіне қосылмаған.  width= Бауыржан Байбек тұрғындарға бұл жайттан хабардар екенін , аймақ басшысының жаңа жылыту қазандығын салу туралы уәдесін бақылауға алатынын жеткізді. Ол бұл кездесу туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Павлодар облысына сапар барысында Новочерноярка аулының тұрғындарымен кездестім. Мұнда 16 көп қабатты тұрғын үйдің 800-ге жуық тұрғыны орталық жылыту жүйесінсіз тұрып жатыр. Ауыл тұрғындары бұл мәселені осыған дейін бірнеше рет көтерген, тіпті партияның қоғамдық қабылдауы арқылы да қозғаған екен. ⠀ Бүгін тұрғындармен бірге осының шешу жолдарын талқыладық. Аймақ басшылығы ауылда жылыту қазандығы салынады деп сөз берді. Бұл аталған тұрғын үйлерден бөлек тағы да 5 әлеуметтік нысанды, оның ішінде таяу маңда орналасқан мектепті, бала бақшаны және дәрігерлік амбулаторияны жылытумен қамтамасыз етпек. Оның орындалуын «Nur Otan» өз бақылауына алды", – деп жазды. https://www.facebook.com/baibekbk/posts/139270300893743 https://www.youtube.com/watch?v=v1qmSVFlE9A