ЖСДП-дан президенттікке кандидат - Нұрлан Әуесбаев
ЖСДП-дан президенттікке кандидат - Нұрлан Әуесбаев
385
оқылды
Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы алдағы президенттік сайлауға өз кандидатын ұсынды. Ұйым таратқан мәліметтерге қарағанда, бұл лауазымға партияның астаналық кеңсесінің қазіргі басшысы Нұрлан Әуесбаев таласады. Бүгін партияның кезектен тыс XIX съезі өтіп, онда партияның саяси қызметін жүргізудің бұдан кейінгі тактикасы айқындалып, Қазақстан президенттігіне кандидат ұсынылды.
«Бүгінде Қазақстан күрделі өзгерістердің алдында тұр. Соңғы екі жылда біз бастамаларға түрткі болған толқулардың куәсі болдық. Көптеген оң іс-шараларды біздің бағдарламаларымыздың көрінісі деп санаймыз. Мысалы, конституциялық сот, әкімдер сайлауы, партия мүшелерінің табандылығы және тағы басқалар. Билік пен азаматтар арасында жаңа қарым-қатынастардың пайда болуына барлығы да мүдделі. Қазақстанда алаңдатарлық оқиғалар болып жатқан жағдайда мықты сайланған үкімет қажет», - деді партия жетекшісі.
Жалпы. дауыс беру нәтижесінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы президенттікке кандидат ретінде Нұрлан Әуесбаевты таңдады. Нұрлан Әуесбаев - ЖСДП елордалық филиалының жетекшісі, 1957 жылы Түркістан облысында туған, Астана қаласының тұрғыны. Білімі жоғары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, ұзақ уақыт жергілікті атқарушы органдарда жауапты қызметтер атқарған.