Көп ұзамай адамға "дос" болатын роботтар келеді (видео)
Көп ұзамай адамға "дос" болатын роботтар келеді (видео)
Илон Маск адам баласына қатты ұқсайтын Optimus роботын ұсынды. Оның құны 20 000 доллардан аспайтын көрінеді. Бұл туралы Guardian басылымы мәлімдеді. Tesla компаниясының негізін қалаушы және әлемдегі ең бай адам осындай миллиондаған роботты шығара алатынын айтты.
"Біздің мақсатымыз - пайдалы адам тәрізді роботты мүмкіндігінше жылдам жасау. Optimus-ты жақсарту және оны дәлелдеу үшін әлі көп жұмыс істеу керек", - деді Маск Калифорниядағы Пало-Альто қаласындағы Tesla кеңсесінде өткен шарада.
Ақпанда әзірленген прототип үлгісі көрермендер алдында қол бұлғап, билеу үшін сахнаға шықты. Tesla роботтың Калифорниядағы өндірістік стансада өсімдіктерді суару, жәшіктерді тасымалдау және темір торларды көтеру сияқты қарапайым тапсырмаларды орындағаны туралы бейнені көрсетті. Маск болашақта роботтарды үйде қолдануға, түскі ас дайындауға, көгал шабуға және қарт адамдарға күтім жасауға, тіпті адамдар үшін "дос" немесе жыныстық серіктес бола алатынын айтты.