Елордадағы көшелердің бірінде әйел адамды тонап кетті

Елордадағы көшелердің бірінде әйел адамды тонап кетті

Астана қаласындағы Абылай хан даңғылында кешкі уақытта 42 жастағы әйелге тонау мақсатында шабуыл жасаған. Қаскүнем әйелдің артынан жақындап келіп, мойнындағы алтын алқасын жұлып алып, қашып кеткен.
Қашқын күдікті сыртқы бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалған, - деп жазады polisia.kz. Полиция 33 жастағы ер адамды ұстады. Қаскөй 400 мың теңге тұратын ұрланған зергерлік бұйымды ломбардқа өткізіп үлгерген. Алтын алқа тәркіленіп, иесіне қайтарылды. "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз айыбын мойындады.