Павлодарлық жігіт  отқа оранған үйден әйелді алып шықты
Павлодарлық жігіт  отқа оранған үйден әйелді алып шықты
329
оқылды
Павлодардың Төтенше жағдайлар департаменті отқа оранған үйде қалып қойған әйелді құтқарған қала тұрғынын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Павлодар қалалық ТЖД баспасөз қызметі Instagram парақшасында.  7 қыркүйек күні сағат 15.56 кезінде 101 пультіне хабар түскен. Қоңырау шалған адам Гоголь көшесіндегі 284, 286 үйлер жанып жатқанын жеткізген. Жалынды ауыздықтауға 6 техника, 25 құтқарушы жұмылдырылған. Өрттен 2 азамат зардап шекті. 1957 және 1985 жылы туған әйелдер №1 қалалық ауруханаға жатқызылды. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті 7 қыркүйекте Павлодар қаласы Гоголь көшесі 284 және 286 мекенжайында болған өрттің куәгерлерін іздеуде. Сондай-ақ жанқиярлық танытып, жанып жатқан үйден әйелді алып шыққан Иса атты жас жігіттің жауап беруін сұрайды.