Америкалық спортшы жекпе-жек алдында қазақтың тымағымен шықты
Америкалық спортшы жекпе-жек алдында қазақтың тымағымен шықты
603
оқылды
Аралас жекпе-жек өнерінің шебері Брендан Аллен UFC промоушеніндегі айқасы алдындағы көз арбасу процесіне кезекті рет қазақтың тымағымен келді, - деп жазады Vesti.kz. Бұл тымақты америкалық спортшыға Шавкат Рахмонов сыйға тартқан. Осының алдында да Аллен тымақпен шығып, аустралиялық Джейкоб Малкунды жеңген болатын. 2 қазанда Лас-Вегас (Невада, АҚШ) төріндегі UFC Fight Night 211 турнирде ол поляк Кшиштоф Йоткомен кездеседі. Ал кештің басты айқасы америкалық ару Маккензи Дерн мен қытай қызы Янь Сяонань арасында өтеді.