Қазақстандық теннисші ATP турнирінде сенсация жасады
Қазақстандық теннисші ATP турнирінде сенсация жасады
316
оқылды
Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Недовесов Astana Open ATP 500 турнирін  күтпеген нәтижеге қол жеткізді. Жекелей сында жарысты ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған А.Недовесов алғашқы кездесуінде әлемнің 69-ракеткасы, колумбиялық Даниэль Галанды 5:7, 7:6 (7:0), 6:2 есебімен ұтты. Бірінші партияда Александр 4:1 есебімен алға шыққанымен, сол басымдылығын сақтай алмады. Екінші сетте тай-брейкте 7:0 есебімен жеңсе, соңғы, шешуші партияны сәтті өткізді. Тартысты матч екі сағат жарымға жуық уақытқа созылды. А.Недовесов іріктеу сайыстарының финалында түркиялық Жем Илькел немесе қытайлық Чжичжень Чжанның біреуімен негізгі турнирге берілетін жолдаманы сарапқа салады.