Ақмолалық тұрғыннан 250 мың теңге бопсалаған ер адам ұсталды

Ақмолалық тұрғыннан 250 мың теңге бопсалаған ер адам ұсталды

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері бопсалаушыны қолға түсірді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. Степногорск қаласының тұрғыны ақмолалықтан 250 мың теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды. Ол ақшаны беруден бас тартқан жағдайда соққығы жығылатынын айтып қорқытқан.

«Бопсалаушының қылмыстық әрекетін ҰҚКБ қызметкерлері қолма-қол ақша беру үстінде тоқтатты. Ұсталған адамның басқа қылмыстарға қатыстылығын және өзге де мән-жайларды анықталуда», - делінген ведомствоның хабарламасында.