Футбол жанкүйерлерінің жаппай төбелесінен 127 адам көз жұмды (видео)
Футбол жанкүйерлерінің жаппай төбелесінен 127 адам көз жұмды (видео)
1,068
оқылды
Индонезиядағы футбол матчынан кейін 127 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға 2 қазанға қараған түні Маланг қаласындағы Канжурухан стадионында болды. Бұл туралы әртүрлі БАҚ-та жариялануда. Сенбі күні Индонезия чемпионатының матчында «Арема» мен «Парсебая» командалары кездесіп, 3:2 есебімен екінші команданың пайдасына шешілген. Ақтық ысқырық естілісімен көңілі қалған Ареманың жанкүйерлері алаңға шыққан. Ал тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданған.
"Трибунадағылар да үрейленіп, стадионды тастап кетуге әрекеттенгені нәтижесінде халық төбелескені хабарланды. Салдарынан 127 адам қаза тапты, оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. 180-ге жуық адам ауруханаға жатқызылды", - делінген ақпарат көздерінде.
Лига басшылығы алдағы аптадағы барлық матчтардың тоқтатылатынын хабарлады. Бұл қайғылы оқиғаға тексеру жүргізілуде.