«КамАЗ»автокөлігі 30 жолаушысы бар маршруттық автобусты соқты

«КамАЗ»автокөлігі 30 жолаушысы бар маршруттық автобусты соқты

Елордада «КамАЗ» автокөлігі 30 жолаушысы бар маршруттық автобусты соқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап. «18 ақпан күні таңғы сағат 08.30-да Р. Қошқарбаев көшесі мен Абылайхан даңғылының қиылысында «КамАЗ» автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, №22 маршруттық автобусқа соғысты. Р. Қошқарбаев көшесі арқылы Ш. Құдайбердіұлы көшесіне бара жатқан автобус қатты соққыдан қарсы жолаққа шығып кетіп, Төлебаев көшесіне бара жатқан Skoda Rapid көлігімен соқтығысқан», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Апат салдарынан «Skoda Rapid» көлігінің 63 жастағы жолаушысы қалалық ауруханаға жеткізілді. № 22 автобуста шамамен 30 жолаушы болды. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. «КамАЗ» жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр. https://www.youtube.com/watch?time_continue=1&v=TZFpFnX2g8Y&feature=emb_logo