Үндістан да электромобиль шығарды

Үндістан да электромобиль шығарды

Tata Motors-тың электрлі Tiago.ev хэтчбегі 10 мың доллар тұрады, - деп хабарлайды Кolesa.kz сайты. Бес есікті көліктің шанақ көлемі мен пропорциясы Peugeot 206-ға (3769×1677×1536 мм) жақын, бес адамға арналған, жүксалғыш көлемі - 240 литр. Tiago.ev тұрақты магниті бар синхронды электромотормен жүреді. Агрегат 74 ат күші мен 114 Нм момент береді, 60-қа дейінгі жылдамдықты 5.7 секундта алады. Бұл қалалы жерде жаман көрсеткіш емес. Үндістандық электромобильдің жүріс қоры батарея сыйымдылығына қарай әртүрлі болады. Сыйымдылығы 19.2 киловатт-сағат IP67 батареясы орнатылған базалық нұсқасының жүріс қоры  -  255 шақырым. Ал 24 кВт/сағ батарея 315 км жол жүруге мүмкіндік береді. Тұрақты ток бекетінде бір сағатқа жетпейтін уақытта 10-нан 80 %-ға дейін қуаттауға болады. Өндіруші күштік құрылымның сапасына 8 жылға немесе 160 мың шақырымға кепілдік береді. Tiago.ev көлігіне тапсырыс қабылданып жатыр. Үндістанда базалық машина -  10 370 доллар, ал батареясы көпке шыдайтын нұсқасы 12 221 доллар тұрады. Бюджеттік модель үшін жабдықталуы жаман емес, екі эйрбэг және ABS, артқы көрініс камерасы, шина қысымын бақылау, 8 динамигі бар әрі Android Auto және Apple CarPlay-мен жұмыс істейтін үздік Harman Kardon мультимедиа жүйесі бар. Бірақ модельдің ең қымбат комплектациясының өзі 14 428 доллар тұрады.