Ақтауда әйел адам 5-қабаттан секірмек болған
Ақтауда әйел адам 5-қабаттан секірмек болған
Ақтауда полицейлер әйелді суицидтен құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz. 1 қазанда түнгі сағат 01.40 шамасында 102 желісіне Ақтау қаласының көпқабатты үйлерінің бірінің 5-қабатында балкон қоршауынан әйел адамның секірейін деп жатқаны  туралы хабар түскен. Шақыртуға патрульдік полиция жасағы, кезекшіліктегі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор және қала аумағына түнгі кезекшілікке бекітілген ПБ арнайы қабылдау орнының бастығы барды.
41 жастағы азаматша балкон қоршауына отырып, ешкімнің өзіне жақындамауын талап еткен. Арнайы қабылдау орнының бастығы Өркен Жүсіпбеков онымен әңгімелесіп, одан асығыс әрекеттер жасамауды өтінді. Полиция қызметкері әйелді сөзге тартып, көңілін аулап, оған жақындай бастады. Секіруге дайын тұрған әйел қолын жібере бергенде тәртіп сақшысы жылдам әрекет етіп, санаулы секунд ішінде оны ұстап алды", - деп жазды ведомство.
Әйелдің мас күйде болған. Жеке басын анықтау барысында оның наркологиялық есепте болғаны, бұрын да осындай әрекетке барғаны анықталды. Әйел адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.