Футбол жанкүйерлерінің жаппай төбелесінен қаза тапқандар саны 174-ке жетті
Футбол жанкүйерлерінің жаппай төбелесінен қаза тапқандар саны 174-ке жетті
Шығыс Яваның вице-губернаторы жергілікті телеарналардың бірінің эфирінде стадиондағы тәртіпсіздік салдарынан қаза тапқандардың саны 174-ке жеткенін айтты, деп жазады РИА Новости. Эмиль Дардак медициналық мекемеде жүзден астам адамның түрлі жарақатпен түскенін, олардың он бірінің жағдайы ауыр екенін хабарлады. Индонезия футбол қауымдастығының (PSSI) бас хатшысы Юнус Нуси баспасөз мәслихатында Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) трагедия туралы есеп сұрағанын жеткізді.
"ФИФА-мен байланыс болды, ұйым есеп сұрап отыр. Біз санкцияларға ұшырамау үшін ФИФА-мен қарым-қатынаста боламыз", - деді футбол қауымдастығының басшысы.