Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қаласында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 23 м/с күтіледі. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында кей уақытта шаңды дауыл күтіледі, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтау қаласында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақтөбе облысының шығысында 1 градус үсік күтіледі.