Алматы-Өскемен тасжолында жеңіл автокөлік жылқымен соқтығысып, бір адам мерт болды.
«Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылының маңында Toyota Crown автокөлігі жолға шығып кеткен жылқымен соқтығысқан. Салдарынан көлік аударылған. 27 жастағы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.Қазір тергеу жүргізілуде.