«Жасыл даму» отандық автоөндірушілерден агротехника мен көлік құралдарын сатып алуға мүмкіндік беретін жеңілдік сертификаттарын қаржыландыруды бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Жасыл дамудың» мәліметінше, бұған дейін ӨКМ «Операторы» ЖШС-і берген жеңілдік сертификаттарына төлем жүргізілмегендіктен, ескі көлігін өткізген азаматтар сертификатты қолдана алмаған еді. Ескі көліктерін ақшалай өтемақыға тапсырған жеке және заңды тұлғалар тиісті төлемдерін алуы үшін «Е-Өтініш» бірыңғай платформасы арқылы Қоғамның атына өз өтінішін жолдап, (жүктеуге арналған сілтеме) банктік деректемелерін көрсетуі қажет. Ақшалай өтемақы расталған өтінімдер мен банк деректемелері дұрыс жіберілген өтініштер бойынша төленетін болады. Мерзімі өткен жеңілдік сертификаттарын пайдалану Қазақстан Республикасында экологиялық таза автокөлік құралдарын (электр қозғалтқыштары бар Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде белгіленген экологиялық сыныпқа сәйкес келетін) және олардың компоненттерін, сондай-ақ экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді ынталандыру қағидаларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін мүмкін болады. ҚР ЭГТРМ-нің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 263 және ҚР ИИДМ-нің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 400 бірлескен бұйрығының қолданылу мерзімін ұзарту бойынша бекітілген техникалық регламенттерде айқындалған. Жеңілдік сертификатын пайдаланып, жаңа көлік пен ауылшарушылық техникасын сатып алуға болатын автоөндірушілердің тізімі қосымша жарияланады.