Алматы полициясы 40 жастағы ер адамды ұрлап кеткен күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, 40 жастағы ер адамды күдіктілер Алматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан тұрғын үй маңайынан ұрлап кеткен.
«Жәбірленушінің әйелі полицияға арызданды. Шұғыл арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Жәбірленушіні қай жерде ұстап отырғанын лезде анықтады. Түрксіб ауданындағы қоймаларды тінтті. Төрт адам ұсталды. Олар бұрын бопсалау және бұзақылық үшін сотталған. Жәбірленуші аман-есен босатылды. Бірақ оны соққыға жыққан. Оған медициналық көмек көрсетілді. Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адамдар оны босату үшін 200 мың доллар талап еткен. Ақша бермесе, «героины бар иньекция енгіземіз» деп қорқытқан, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.https://youtu.be/-haj_sra-TU Қылмыс ҚР ҚК-нің 125-бабы 2-бөлігімен есепке тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.